қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2022

Халықаралық жобаның жеңімпазы «ТМД-ның үздік студенті - 2022»

 

Абай атындағы ҚазҰПУ 3 курс студенті «6В01506-Физика-информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Бүркітбаев Дамир «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Халықаралық студенттер қауымдастығы (Нұр-сұлтан қаласы) ұйымдастырған 2022 жылғы «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық жобасының жеңімпазы атанды, онда ол І дәрежелі дипломмен, білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін төсбелгімен және «ТМД-ның үздік студенті - 2022» төсбелгісінің куәлігімен марапатталды.

 

Бүркітбаев Дамир университеттің іс-шараларына белсенді қатысады, оқу үздігі, Президенттік стипендиат. Дамирдің әртүрлі секциялар бойынша университеттік студенттік конференцияларға белсенді қатысуын атап өткен жөн, онда бірнеше рет жүлделі I орындарды иеленген.

 

Конкурс қорытындысы бойынша Дамирдің «Tinkercad программасы арқылы «Ақылды шамды» модельдеу» тақырыбындағы ғылыми жобасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері студенттерінің «Үздік студент - 2022» IV кітап топтамасында жарияланды.

 

Әрине, ғылыми зерттеулерге деген студенттің таланты мен қабілетін анықтауға, сондай-ақ қажетті арнаға бағыттауға педагог пен ғылыми жетекші көмектеседі. Осы жобаның ғылыми жетекшісі ретінде шебер-педагог, «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Венера Рыстыгулова да алғыс хатпен марапатталды.

 

Математика, физика және информатика институтының және «Физика» кафедрасының ұжымы Бүркітбаев Дамирді алған жетістіктерімен құттықтайды және ғылым мен оқуда одан әрі табыстар тілейді!

 

   

 

   

 

   




Кері оралу