қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2023

Ғылым онкүндігі: жас ғалымдарға арналған мектеп-семинар

 

2023 жылғы 5-15 сәуір аралығында Математика, физика және информатика институтында Ғылым онкүндігі аясында докторанттардың және магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыс дағдыларын арттыру мақсатында жас ғалымдарға арналған мектеп-семинар өз жұмысын жалғастырады.

 

Дәрістерді белгілі ғалым, геофизика, акустика, экология, медицина кері есептері, дифференциалдық және интегралдық теңдеулер үшін қисынды емес және кері есептер, кері және қисынды емес есептерді шешудің теориялары мен сандық әдістері саласындағы маман, Ресей ғылым академиясының (РҒА) Халықаралық математикалық орталығының директоры, Ресей ғылым академиясының (РҒА) корреспондент-мүшесі, профессор, Новосібір мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің геофизиканың математикалық әдістері кафедрасының меңгерушісі, РҒА Сібір бөлімшесінің есептеу математикасы және математикалық геофизика институтының бас ғылыми қызметкері, «Inverse and Ill-Posed Problems» халықаралық кітаптар сериясының редакторы, «Journal of Inverse and Ill-Posed Problems» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы (Q1 Web-of-Science) Сергей Кабанихин оқиды. Сергей Кабанихиннің 220-дан астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 125-і Scopus базасында рецензияланған халықаралық журналдарда жарияланған, Хирш индексі (h-index) - 17.

 

Сондай-ақ, профессор С.И. Қабанихиннің 11-12 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін «Жаратылыстанудың кері және қисынды емес есептері» халықаралық ғылыми конференциясына қатысуы жоспарлануда.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу