қазақша · русский · english
 
 
 
16.02.2024

«Book exchenge» кітап алмасу жәрмеңкесі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институның «Кitap time» оқырмандар клубы Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Book exchenge» кітап алмасу жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты - іс-шарада әркім өзінің оқыған кітабын ұнатып жүрген кітабына алмастырып немесе жаңа кітапты өзіндік құнынан арзан етіп алып, кітап оқуды насихаттау болды. Нәтижесінде 10 кітап сатылып, 40 кітап алмасты. Жәрмеңкеге ғылыми кітапхана да атсалысып, 20 кітап алмастырды. Жәрмеңкеге белсенді атсалысқан 8 топқа және өз үлесін қосқан студенттерге алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу