қазақша · русский · english
 
 
 
19.01.2023

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы

 

2023 жылдың 17 қаңтарында Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының профессорлары Кунакбаев А.С., Бабашев А.М., Татаринова Г.Ш., аға оқытушылар Ташенова Г.К., Отарова Н.И. және оқытушы Жарылқасынова Алматы қаласы Білім басқармасының Түрксіб ауданының №50 ЖББМ КММ бітіруші сыныптарында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.


Кездесуге жоғары сынып оқушылары, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі қатысты. Кездесу барысында 10-11 сынып оқушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың институттары мен мамандықтары туралы көптеген ақпараттар берілді. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары бакалавриатты бітіргеннен кейін университеттің магистратурасы мен докторантурасында одан әрі оқудың кең мүмкіндіктерімен танысты.


Сонымен қатар, кездесуде Жаратылыстану және география институты бойынша ақпаратқа ерекше назар аударылды. Кездесу презентациямен және видеороликтермен жүргізілді. Мектеп оқушыларының ЖОО-да оқытудың кредиттік технологиясының қағидаттары, ақылы бөлімде оқу тәртібі, оқу грантын алу мүмкіндігі және академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауаптар берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу