қазақша · русский · english
 
 
 
16.10.2023

Футбол-2023

 

2023 жылдың 13-14 қазан аралығында Абай университетінің Өнер, мәдениеті және спорт институты «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен 1-4 курс арасында кіші футболдан жарыс өтті. Жарысқа барлық курстардан 22 команда қатысты.

 

Жарыстың мақсаты - футбол ойынын кеңінен насихаттау және студенттерді ұйымшылдыққа, достыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Жарыс жоғары деңгейде тартысты өтті. Жарыс соңында Өнер, мәдиниеті және спорт институтының директоры Тайыржан Искаков жеңіске жеткен командаларды құттықтап, арнайы диплом және медальдармен марапаттады.

 

Жарыс қорытындысы бойынша1-ші орынды «Орда» командасы (1 курс 101 топ), 2-ші орынды «Нара» командасы (3 курс 202 топ); 3-ші орынды «Аякс» командасы (1 курс 103 топ) иеленді.

 

Номинация бойынша: Үздік ойыншы - Аралбек Санжар, Досанов Бекарыс; Үздік қорғаушы - Төлепберген Абылай, Аманберді Мерей; Үздік шабуылшы - Телманов Лавар, Амангелді Рамазан; Үздік қақпашы - Қойшыбай Өркен және Қасымбек Алмат жеңімпаз атанды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу