қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2024

«Мифологиялық архетиптер және кино» дәрісі


2024 жылдың 2 сәуірінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында белгілі мәдениеттанушы, ғалым Зира Наурызбайдың «Мифологиялық архетиптер және кино» тақырыбындағы тәрбиелік-танымдық дәрісі өтті. Дәріске оқу орнымыздың Өнер, мәдениет және спорт институты «Мәдениеттану» мамандығының студенттері «Дәстүрлі қазақ мәдениеті» пәніне қосымша ретінде оқытушы Г.Д.Рахимованың жетекшілігімен барды. Сондай-ақ,  «Философия» мамандығының 4 курс студенттері де қызығушылық танытты. Дәріс барысында қазақ мифологиясын зерттеуші Серікбол Қондыбай жөнінде құнды ақпараттар тыңдаушылардың зейінін ерекше баулыды. Адам және оның тағдыры мәселелері мәдениеттанушы ғалым көзқарасында талқыға түсті. Кездесу соңында студенттер сұрақтар қойып, зерттеуші- ғалым Зира Наурызбаймен естелік фотоға түсті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу