қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2024

Ханьшань педагогикалық университетінің (ҚХР) профессорлық-оқытушылық құрамымен онлайн кездесу

 

2024 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының көркем білім кафедрасында Ханьшань педагогикалық университетінің (ҚХР) профессор-оқытушылар құрамымен халықаралық онлайн кездесу өтті. Кездесуге Институт директорының м.а. К.А.Байгутов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Ж.Сейтбекова, көркем білім кафедрасының меңгерушісі Е.Асембайұлы және профессор С.К. Жаманкараев, магистр Е.У.Құлжабаев, аға оқытушы Б.А.Атамкулов, аға оқытушы Л.Ж.Аденова, аға оқытушы Б.Т.Найманбаев, аға оқытушы У.Қ. Ибрагимов, аға оқытушы М.Т. Абдрахманов сонымен қатар, «6В02114-Бейнелеу өнер (графика)» мамандығының 2 - курс студенті Жәния Оразәлі қатысты.

 

Кездесу барысында екі жақты білім алмасу, академиялық тәжірибе алмасу, профессор-оқытушылар құрамымен білім саласындағы іскерлік қарым-қатынасты одан ары дамыту, екі жақты мәдени іс-шаралар өткізу туралы ортақ мәселелер талқыланды. Ханьшань педагогикалық университетінің «Көркем сурет» факультеті директорының орынбасары Шинь Гуйлинь «Қытайдың қазіргі заман кескіндеме өнерінің даму концепциясы» тақырыбында презентация көрсетті. Ханьшань педагогикалық университеті «Көркем сурет» факультетінің партия басшысы Лю Цзихе сөз сөйледі. Сонымен қатар, Ханьшань педагогикалық университетінде сабақ беріп жатқан Абай университетінің оқытушысы Қ.Акашев шетелдік білім беру жүйесінің ерекшеліктері және тәжірибе алмасу барысындағы әсерімен бөлісті. Директордың м.а. Кәрім Әлімханұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кәрима Жайсанбекқызы және көркем білім кафедрасының меңгерушісі Ерлан Асембайұлы өз ойларымен бөлісіп, бұл кездесудің маңыздылығын, екі тараптың байланысы білім ашушылар мен оқытушылар үшін жақсы мүмкіндік екендігі туралы айтты.

 

Халықаралық онлайн-кездесу жоғары деңгейде өтті. Кездесуде тараптар 2003 жылдан бері жалғасып келе жатқан екі университет арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға атсалысатындықтарын айтты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу