қазақша · русский · english
 
 
 
 Хамраев Шерипидин Итахунұлы
Институционалдық тиімділік кеңсе жетекшісі
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
 8(727)2910729, сот.: +7-777-771-77-78
hamraev_sh@bk.ru, sh.khamrayev@abaiuniversity.edu.kz

 

Институционалдық тиімділік кеңсесі Университеттің білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған және еуропалық кеңістікте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен басшылықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

Кеңсенің негізгі міндеттері:

- аккредиттеу агенттіктерінің нормативтік құжаттарының талаптарын зерделеу, сондай-ақ аккредиттелетін құрылымдық бөлімшелерді аккредиттеу агенттіктерінің нормативтік құжаттарымен қамтамасыз ету;

- университеттің институционалдық аккредиттеуден және білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өту процесін үйлестіру;

- университеттің ұстанымын айқындау және критерийлердегі өзгерістерді уақтылы анықтау мақсатында рейтингтік агенттіктерді бағалау критерийлерінің мониторингін;

- университеттің жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингтеріне қатысуы шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;

- университеттің білім беру сапасын ішкі бағалаудың мониторингін, өлшемдерін және нәтижелерін қорытындылауды ұйымдастыру және жүргізу;

- университет қызметкерлерінің сапаны ішкі бағалауды қамтамасыз етудегі хабардар болу деңгейін және құзыреттілігін арттыру;

- білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу мақсатында сауалнама жүргізу, сондай-ақ университетте қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, мүдделер қақтығысын шешу саясатының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде ішкі нормативтік құжаттар мен ҚР заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау.