қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.01.2021

«Көктемгі семестріне дайындық» вебинары

 

2021 жылдың 14 қаңтарында Педагогика және психология институтының «6В01101-Педагогика және психология», «6В01201-Мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу», «6В01819-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6В01303- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «6В019020- Арнайы педагогика мамандарды даярлау», «6В031041-Психология: Практикалық психологты даярлау» мамандықтарының, қазақ және орыс бөлімдері, 1-4 курс студенттеріне арналған «Көктемгі семестріне дайындық» вебинар өткізілді. Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Ақтоты Ақжолова және институт эдвайзері Айжан Алимкул білім алушыларға 2020/2021 оқу жылының 2 семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ақпаратпен таныстырды. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда, ағымдағы жылдың наурыз айында Педагогика және психология институтының 1 курс студенттері аралас форматта оқуға шақырылатыны туралы ақпарат берілді. Барлық білім алушылар белсенді қатысып, өздеріне қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.