қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.09.2021

ҚазҰПУ-да тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру туралы

 

2021 жылдың 29 қыркүйек күні Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру ғылымы және мұғалімдерді даярлау жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы «Университеттерде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» тақырыбында онлайн-вебинар ұйымдастырды.

 

Вебинарды стратегиялық даму және интернационалдандыру, цифрландыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева ашып, тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асыру шараларының қазіргі уақытта мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығына тоқталды. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жыддың 1 қыркүйектегі жолдауында көрсетілген міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, Президенттің БҰҰ-ның 76-шы сессиясында ұсынған басты сұрақтарды ерекше белгіледі.

 

Келесі кезекте әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шынғыс Нұрланов және зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев вебинар тақырыбына қатысты өзекті мәселелерді атап өтті.

 

Тұрақты даму мақсаттарының университетте жүзеге асырылуының маңыздылығына, іс-шаралар ұйымдастыру жөнінде Білім беру ғылымы және мұғалімдерді даярлау бойынша ЮНЕСКО кафедрасы меңгерушісі Анар Танабаева ақпарат ұсынды.

 

Онлайн-вебинарда институт директорлары 17 тұрақты даму мақсаттарына байланысты жүргізіліп жатқан және жоспраланған шаралармен бөлісті.

Вебинар соңында қатысушылар тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда барлық адамдар үшін бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуде білім беру саласының маңыздылығын атап өтіп, оған барынша үлес қосамыз деп шешті.