қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.03.2019

Абайтанушы ғалым студенттерге дәріс оқыды

 

27 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Түлектер Қауымдастығы» орталығының ұйымдастыруымен университетіміздің түлегі, Абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (1996) және «Түркі әлеміне қызымет» халықаралық сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мекемтас Мырзахметұлымен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Мекемтас Мырзахметұлы өзінің саналы ғұмырында хакім Абайдың ақындық мұрасы, оның шығыс мәдениетімен байланысы, сонымен қатар Абайтану мен Мұхтартану, Бауыржантану және Иасауитануды бүгінгі ұрпаққа насихаттау және оны дәріптеу мақсатында 1965 жылдан бері еңбек етіп келе жатқанын айтып өтті.

 

Абайдың мұралары оның моральдық мұраттар мен исламға деген моральдық-этикалық философиялық көзқарастарына негізінделіп, зерттелген. Мекемтас Мырзахметұлының айтуынша, бұл көзқарастардың негізі Қараханидтер заманынан бастау алған «Кемел адам» мәселесі, Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» және Иасауидің «Хал ілімі» дастанында қамтылып, Абайдың «Толық адам ілімі» арқылы дәстүрлі жалғасын тапқан.

 

Ұлы гуманист Абай Құнанбаев таным білім туралы өз ілімін жасай отырып, махаббат санатынан адамның толық ілімін тапты. Абайдың барлық мұралары иманды тануға негізделген. Философ және жазушы Мекемтас Мырзахметұлы танымдық дәрісте студенттерге тың ақпараттар беріп, сұрақ-жауаптар арқылы ой бөлісті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Түлектер қауымдастығы