қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Атығаев Нұрлан Әділбекұлы

Атығаев Нұрлан Әділбекұлы

Атығаев Н.Ә. орта ғасырдағы Қазақстан мен Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті саласындағы еліміздің жетекші зерттеуші ғалымдардың бірі. Ғылыми қызығушылығы қазақтардың ортағасырлық тарихын және қазақ мемлекеттілігін зерттеумен байланысты. Ол Қазақстанның ортағасырлық тарихы бойынша 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Олардың ішінде 3 ғылыми монографиялық зерттеуі жарық көрген: «Казахское ханство в потоке истории. Очерки», «Казахское ханство: очерки внешнеполитической истории XV-XVII веков» және «Деньги на «Шелковом пути» (территория Казахстана, XIII - XIV вв.)». Соңғы 5 жыл ішінде 40-тан астам ғылыми еңбектер жариялады. Оның 8 ғылыми мақалалары Web of Science және Scopus мәліметтер базасына енген халықаралық рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланған. Н.Ә. Атығаевтың зерттеу еңбектері жақын және алыс шетелдерде (Түркияда, Қытайда, Ресей Федерациясында, Польшада, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Арменияда, Украинада және т.б.) жарық көрді.


Н.Ә. Атығаевтың жетекшілігімен 2 ғылыми мақсаттық бағдарлама, 3 ғылыми гранттық жобалар сәтті жүзеге асырылды.


2023 жылдан бері Атығаев Н.Ә. ҚР Мемлекеттік орталық музейінің «MUSEUM.KZ» ғылыми-практикалық журналының Бас редакторының орынбасары қызметін қоса атқарады.


← Кері оралу