қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.04.2024

Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған жаратылыстану пәндері бойынша ІІІ халықаралық олимпиада өтеді  

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты мен Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық білім беру орталығы жаратылыстану пәндері бойынша ІІІ халықаралық олимпиада өткізеді.

 

Олимпиада осымен 3-ші рет өтуде. Оған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 15 команда қатысуда. Биылғы жылы шара көрнекті қазақ геологы, академик, ірі мемлекет және қоғам қайраткері, есімі отандық және әлемдік ғылымдағы орасан зор жетістіктермен белгілі Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналады.

 

Олимпиаданың мақсаты – жастардың зияткерлік дамуы, кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау және педагог мамандығын насихаттау. Бұл іс-шара Абай университетінің 2023-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасының «Көптілді білім беретін педагогикалық кадрларды даярлау» тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып отыр.

 

Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.  

 

Олимпиада бағдарламасы:

 

26 сәуір (Алматы қ., Қазыбек би  көшесі, 30): 16:00 - Жаратылыстану және география институтында кездесу;

17:00 - Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық білім беру орталығына трансфер.

 

27 сәуір (Қонаев қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы): 10:00 - олимпиаданың салтанатты ашылуы;

11:00 - командаларды таныстыру («Педагогика бізді біріктіреді» визит картасы);

14:30 - мамандық бойынша проблемалық тақырыпқа эссе.  

 

28 сәуір (Қонаев қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы): 09:30 - кейс шешімі;

12:00 -  қорытынды шығару және олимпиаданың жабылуы; 15:00 - Алматы қаласына трансфер.  

 

Өтетін орны:  Қонаев қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

Күні:  26-28 сәуір 2024 жыл.

Байланыс телефондары:  + 77017398135; +77029990537; +77750254064

e-mail:  ns.olympiad2024@mail.ru

Telegram каналы:  nsolympiad