қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.04.2024

 

Абай университетінің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға арналған

гранттық қаржыландыру конкурсы жарияланды


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы өтетіндігін хабарлайды.

 

Конкурстың мақсаты - халықаралық зерттеу желілерін құру және университетті халықаралық рейтингтерде ілгерілетуді қамтамасыз ету.

Өтініш беруші конкурстық құжаттамада ұсынылған ең төменгі талаптарға сәйкес келетін Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, оқытушысы немесе қызметкері, сондай-ақ шетелдік серіктес ЖОО өкілдері бола алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім Конкурстық құжаттаманың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жасалады. Өтінім, ілеспе хат және сұратылатын қаражат есебі мемлекеттік тілде және/немесе орыс тілінде беріледі. 1 жобаны қаржыландыру сомасы 11 млн теңгеге дейін.

 

Жобаны іске асыру мерзімі: 8 ай.

 

Конкурстық өтінімдер 2024 жылдың 13 мамырына дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылым департаментіне тапсырылады. Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203-А.

Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры  Абдигапбарова У.М.

 

 

Конкурстық құжаттама тіркелген.