қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
19.12.2019

Академик М.Койгелдиев жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды

 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының «Айтылған тарих» ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қойгелдиев Мәмбет ҚР Президентінің жарлығымен III-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл оның Қазахстан тарихының Алаш қозғалысына қатысты кезеңдерін зерттеп, іргелі еңбектер жазумен қатар, білікті тарихшы мамандар даярлау, жастарды отаншылдыққа, патриотизмге, ұлттық рухта тәрбиелеуге сіңірген зор еңбегі үшін берілген марапат.

 

III-дәрежелі «Барыс» орденін Мамбет Қойгелдиевке Елордада мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзі тапсырды.


Марапатыңыз құтты болсын. Әрдайым абырой биігінен көріне беріңіз.

 

   

 

Тарих және құқық институтының ұжымы