Главная /
СМИ о нас
23.12.2019 Студенттерге қамқорлық
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019-шы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы барша жастарға көптеген мүмкіндіктер алып келді. Оның бір дәлелі игі істердің басында жастардың жүріп, лауазымды орындарға тағайындалуы. Осыдан бірер күндер бұрын Жастар жылын қорытындылау барысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды «Еріктілер жылы», сонымен қатар, 1-ші қаңтардан бастап (бакалавр, магистратура, докторантура) студенттердің шәкіртақысын 25% өседі деп тапсыруы жастардың қуанышын еселеп ұлғайтты. Қазіргі таңда барша студенттер қуаныштарымен бөлісіп, әлеуметтік желілерде басты жаңалық осы шәкіртақымен байланысты болып отыр.
Президентіміздің қамқорлығын сезінген әрбір білім алушының оқуға деген құштарлығы мен болашаққа деген сенімі арта түсті. Жастарымызға жасалып жатқан оңтайлы жағдайлар, келесі жылы да жалғасын тауып, еріктілер қатарының ұлғайюына үлкен серпіліс беретіндігіне сеніміз мол.
Авторы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жастар ісі жөніндегі комитетінің Төрағасы Ділдабек Дидарбек 23.12.2019 ж. Ақпарат көзі: bilim.expert
|