қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.12.2019

М.Койгелдиевтің «Мен билік алдында ешқандай кінәлі емеспін!» кітабінің тұсаукесері

 

   

 

2019 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында академик ​ Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиевтың құрастырған «Мен билік алдында ешқандай кінәлі емеспін!» Қазақстандағы наразылық қозғалыстар тарихынан (1960-1980 жж.)» кітабінің тұсаукесер рәсімі өтті. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​


Шараға «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасы Бейбіт Қойшыбаев бастаған бір топ тарихшылар мен БАҚ өкілдері, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы қатысты.


Тұсаукесер рәсімін ашқан Бейбіт Қойшыбаев кітапты құрастырған Мәмбет Құлжабайұлына сөз кезегін берді. Мәмбет Қойгелдиев өзінің жұмысы туралы айта келе бұл кітапта КСРО Прокуратурасының қауіпсіздік органдарындағы тергеу істерін бақылау бөлімінің құжаттық материалдары алғаш рет жарияланып отырғанын айтты. Бұл материалдармен танысуға соңғы уақытқа дейін тиым салынып, олар «аса құпия» деген белгімен сақталып келген. Жарияланған құжаттар өкіметтің әлеуметтік саясатына, әсіресе оның ұлт мәселелеріндегі ұстанымына наразылықтың советтік биліктің соңғы сәтіне дейін үзіліссіз жүргендігін куәландырады. Кітапта сондай-ақ, 1960-1980 жылдардағы наразылық қозғалыстың қатысушылары мен куәгерлерінен алынған сұхбаттар да берілген. Солардың арасында 18 жасар жас жігіт Махмет Құлмағанбетовтың НКВД тарапынан қуғындалып, сотталып, кейін Австралияға кетіп, сол жақта жүріп Қасен Оралтайдың көмегімен «Азаттық радиосында» жұмыс істеп, кеңестік жүйенің былығын жария етеді. Міне осының бәрі кітапта жарияланған.

 

​ Шара соңында тарихшылар Мәскеу мұрағаттарында отырып, осы құжаттарды көшіріп елге әкеліп, оны жүйелеп, жинақ етіп шығарған академик М.Қойгелдиевке ризашылықтарын білдірді.