Құрметті әріптестер!
Сіздерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы «Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар: тарихы және қазіргі кезеңдегі дамуы» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференция 2017 жылдың 24 қарашасында өтеді. Конференцияға шетелдік ғалымдар, қоғам және саясат қайраткерлері, ТМД және Қазақстанның ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, аспиранттар және студенттер шақырылады.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Пленарлық мәжіліс.
І-секция. Халықаралық қатынастар және Орталық Азия мемлекеттерінің саясаты.
ІІ-секция. Орталық Азия мен шектес мемлекеттердегі этносаяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
ІІІ-секция. Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдегі жаңа құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуының мәселелері.
ІV-секция. Орталық Азия елдері: әлемдік оқыту кеңістігіне кіруінің мәселелері мен болашағы(перспективалары).
Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25., Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, «Әлем тарихы» кафедрасы - 604 каб. Тел. (7272) 291-63-54,. Ұялы тел.: 870276098-54; 87477791155; 87011250235
Эл. пошта: r.r.r.a@mail.ru
Қосымша: Ақпараттық хат