қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.12.2019

Сын сағатта бірге болдық!


Алматы әуежайы маңайында ұшақ апатынан болған қайғылы оқиға бүкіл елдің қабырғасын қайыстырып жібергендей. Уақыт өте келе арнайы мамандар мен сарапшылар тексеру жүргізіп, апат салдары туралы қорытынды шығарады, онда оннан аса адам жарақат алды, өкінішке орай, қаза тапқандар бар ...

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы да аталмыш апат салдарынан зардап шеккен адамдардың қайғыларына бір кісідей ортақтасып, өз көңілдерін білдіріп, қолдан келген күш-қайраттарын жұмсауда.

 

Осындай сын сағатта халықтар достығы мен бірлігінің арқасында халықтың қайғысыжеңілдей түстіҰшақ құлаған Гүлдала елді мекенінің тұрғындары қазан асып мыңдаған құтқарушыларға ас әзірлесе, қала қан орталығына барып, зардап шеккендерге арнап қан тапсырды. Осындай азаматтық сынға түскен шақта Университетіміздің Өнер, мәдениет және спорт институты Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұжымы бүкілхалықтық іске өз үлестерін қосты. Аталмыш кафедраның аға оқытушылары Ғалымжан Әшімханов пен Ерік Түгелбаев көптің бірі болып, нақ сол кезде зәру боп тұрған апат зардаптарынан жапа шеккен жарақат алғандарға өз қандарын өткізіп, игілікті іс атқарды.

 

Бұл туралы ақпарат 27 желтоқсан күні Ресейдің «ОРТ-Қазақстан» телеарнасының жаңалықтар блогындағы телехабарда айтылды.