Главная
Новости
06.01.2020 Институттар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына арналған Қысқы мектеп
2020 жылдың 6 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебі аясында екі сессия өтті.
Бірінші сессия бойынша Филология және көптілді білім беру инcтитутының академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлары Майра Жүнісова мен Марат Шуакаев, доцент Гүлзат Раева «Латын әліпбиін қолдану арқылы студенттерді қазақ тіліне оқыту тәжірибесі. Латын негізді қазақ жазуының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар жүргізді.
Семинарға қазақ тілінде сабақ жүргізетін университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Тыңдаушылар латын әліпбиімен танысып, қолдану аясы мен латын негізді қазақ жазуының өзекті мәселелерінің маңыздылығымен танысып, семинар тақырыбы бойынша пікір алысу болды.
Екінші сессияда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым департаментінің ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін комерциализациялау бөлімінің бастығы - Талғат Игисинов «Инновацияларды коммерцияландыру. Гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу үшін өтінімдерді дайындау бойынша ұсыныстар» тақырыбында тренинг, Тарих және құық институтының құқықтану кафедрасының профессоры Жанна Хамзина «Scopus базасы журналдарындағы мақалаларды рецензиялау критерийлері» тақырыбы бойынша семинар жүргізді.
Семинарға университеттің докторанттары, магистранттары мен жас оқытушылар қатысты.
Талғат Игисиновтың тренингі интерактивті режимде өтті және тыңдаушылар белсенді өзара іс-қимыл арқылы берілген тақырыпта өз ойларымен бөлісті. Тренингтің бұл түрі шығармашылық атмосфераны құруға және тақырып аясында рефлексия сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Жанна Хамзинаның гранттық қаржыландыруға өтінім беру тәртібі және Scopus журналдарында мақалаларды рецензиялау критерийлері туралы презентациясында тыңдаушыларды өзекті тақырып бойынша жеке тәжірибені қолдана отырып, материалдарды беру тәсілдерімен бөлісті. Осындай жұмыстарды рецензиялау тұрғысынан өтінім беру мәселелерін ескере отырып, нақты ұсыныстар берілді.
|