Главная /
СМИ о нас
10.01.2020 Стипендияға 10 педагог ие болды
Мұғалімнің қоғамдағы рөлі, білім сапасын арттыруда оқушымен, ата-аналармен байланыс ерекшеліктеріне тоқталған Р.Масырова, Б.Сейдалиев, Н.Такаши, А.Аляз, Г.Галипова, Е.Әуел және басқа да педагогтар заманауи технологияларды күнделікті оқыту жүйесіне енгізу тәжірибелері туралы жайында баяндады. Ал «II Global Teaching Forum Qazsaq» жобасының директоры Диана Әбдіқадырова, бас редактор Медина Рей алдағы жоспар, педагог үшін жобаның пайдасы, қоғамдағы ұстаз мәртебесін көтеру, оқытушыларға арналған стипендия, басқа да мәселелер төңірегінде ой өрбітті.
«Qazsaq Media Group» ұйымдастырған форум барысында республиканың он педагогына «Qazsaq» стипендиясы және де өзге қатысушы ұстаздарға халықаралық диплом, «Үздік педагог» төсбелгілері табыс етілді. Үздіктерді іріктеуге қазылар алқасының құрамында Nur Otan, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері қатысты. Жоба шарты бойынша жеңімпаз болып танылған ұстаздар 2020 жылдың мамыр айына дейін «QazsaqMediaGroup» атынан айлық жалақысының 10-15% мөлшерінде қосымша жәрдемақы алатын болады.
Форумға қатысушылар арасынан 30 педагог ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Ыстанбұлда өтетін халықаралық «ІІI Global Teaching Forum Qazsaq» teach-турына іріктеледі. Ал алдағы уақытта форумға қатысқан ұстаздар жұмыстарының жинағы 50 000 таралыммен жарық көрмек.
Авторы: Эльвира Серікқызы 10.01.2020 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz
|