қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
12.01.2020

«Педагог мәртебесі туралы» Заң талқыланды

 


 

Ағымдағы жылдың 9 қаңтары күні 2019 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, университетіміздің Түлектер қауымдастығының Президенті Мұқашев Төлеубек Төлеуұлымен кездесу өтті. Шарада ректорат мүшелері, қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Шараны университет ректоры Такир Балықбаев ашып, ұстаздардың құқықтарын қорғау, олардың еңбектерін лайықты бағалау, оқу жүктемесін азайту, оқытушылардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту мәселелеріне тоқталып өтті.

 

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев бараша шараға қатысушыларды «Педагог мәртебесі туралы» Заңның маңызды бөлімдерімен таныстырып, басым бағыттарын түсіндіріп өтті.

 

Шара барысында Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, География және жаратылыстану институтының директоры Күләш Каймулдинова, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов сөз сөйлеп, аталмыш Заңның ұстаздар қауымына оң серпіліс беретіндігін атап өтті.

 

Университет жастары атынан Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Ділдабек Дидарбек сөз сөйлеп, мемлекет тарапынан болашақ педагогтарға жасалып жатқан бұл игі бастама сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам екендігін тілге тиек етті.

 

Шара соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Төлеубек Төлеуұлына «Құрметті профессор» атағы беріліп, арнайы куәлігі табысталды.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі

12.01.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com