Главная
Новости
13.01.2020 Қысқы мектеп: жаңа бағдарламалар бойынша қашықтықтан оқыту мәселелері талқыланды
«Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі оқытушылардың жұмыс ортасы (moodle), электрондық оқу-әдістемелік кешенін (ЭОӘК) әзірлеу және енгізу, пәнді сүйемелдеу» тақырыбындағы (40 сағ.) курсты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы директорының орынбасары Данияр Бидайбеков өткізді. Мақсат - оқытушыларды курс тақырыбы бойынша жұмыстармен таныстыру.
Курста оқытушылар қашықтықтан оқыту жүйесінің (moodle) мақсаттары мен міндеттерін, құрылымын анықтау дағдыларын пысықтады, дуальді оқыту контекстінде жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша тұжырымдамалық ұғымдарды, теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын қалыптастырды, ҚОЖ (moodle) оқыту процесін жоспарлау және жұмыс дағдыларын игерді.
Сабақ дәрістер мен практикалық сабақтар түрінде өткізілді. Курс тыңдаушылары dis.kaznpu.kz порталда ЭОӘКҚ әзірлеу және тапсырумен байланысты мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды.
|