Главная
Новости
21.01.2020 «Құқықтану» кафедрасында ғылыми-зерттеу гранттарына дайындық жөніндегі семинары өтті
2020 жылдың 20 қаңтарында Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру аясында орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға байланысты зерттеуші-профессор Жанна Хамзинаның басшылығымен ғылыми семинар өтті.
Ғылыми семинарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі негізінен ғылыми жобаларды қаржыландыру туралы шешімдер қабылдайтын ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысына көптеген маңызды өзгерістер енгізілгені айтылды. Сонымен қатар, «Құқықтану» кафедрасының жас ғалымдарына ұсынылатын ғылыми жобалар бойынша конскурсқа құжаттарды дайындау, жоба тобына қойылатын талаптарды дұрыс жүзеге асыру мәселелері жөнінде құнды ақпараттар берілді.
|