Главная /
СМИ о нас
24.01.2020 Мәскеудегі халықаралық семинар: педагогикалық білімдегі цифрлық технологиялар
17 қаңтар күні Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің цифрлық білім беру институтында «Цифрлық университет: педагогикалық білімнің халықаралық жаһандануы» атты III Халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми семинары өтті.
Семинарды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасы мен В.П.Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырды.
Семинар заманауи педагогикалық университет қызметінің барлық түрлерін дамыту үшін цифрлық технологияларды құру және кешенді қолдану ерекшеліктері мен болашағын талқылауға арналған.
Семинар барысында МҚПУ Президенті Рябов В.В., Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Балықбаев Т.О., В.П. Астафьев атынды КМПУ ректоры Ковалевский В.А., РБА білім философиясы мен теориялық педагогика бөлімінің академик-хатшысы Левицкий М.И. өздерінің құттықтау сөздерін жеткізді.
Аталған іс-шараға 100-ден астам Ресей, Қазақстан және Беларусь ғалымдары мен педагогтары қатысты.
Ректор Такир Балықбаев өз баяндамасында университет қабырғасында цифрландырудың қалай жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды.
Семинар өте табысты, қызықты және пайдалы өтті. Осы орайда қалыптасқан дәстүрді жалғастырып, кезекті төртінші семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізу туралы шешім қабылданды.
24.01.2020 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com, PDF |