қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
25.01.2020

Мектептерде білікті мамандар жетіспейді

 


 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кәсіби білікті мұғалімдердің жетіспеушілігін және бұл мамандыққа дені үлгерімі нашар оқушылардың келетінін атап өтті.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры Мақтағали Бектемісов те мұндай мәселенің бар екенін жасырмайды. Сондықтан аталған оқу орны өткен жылдан бастап мектепті «Алтын белгіге» және «Озат» бітірген оқушыларға көптеген жеңілдіктер қарастырып, жаңа бағдарламаларды қолға алынғанын айтады. Әсіресе, қазіргі таңда мектептерге жетіспейтін пән мұғалімдеріне баса назар аударылып отыр.

 

Мақтағали Бектемесов, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры:


- Бұл жетспеушілік, тек қана ауылдық жерде емес, қалалық жерде де бар. Бұл мәселе, мысалы физика пәні мұғалімі, математика, орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімдерінің жетіспеушілігі қалада да жоғары. Ауылдық жердің проблемасы мұғалімдер санының аздығына байланысты. Көп адам келіп кете алмайы. Қалада ағым бар. Содан кішкене көрінбегені болмаса, негізінен проблема бар.

 

25.01.2020 ж.

Ақпарат көзі: 24.kz