қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.01.2020

Еріктілер жылындағы тәжірибе алмасу тренингі 


2019 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Жастар жылының» жалғасы ретінде «Еріктілер жылы» - деп жариялайтынын, жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту қажеттілігін Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан болатын.


Былтыр университетіміздің қабырғасында «Еріктілер лигасы» құрылып, ол «Мансап», «Шапағат», «Smart Student», «Жастар бастамаларын қолдау» орталықтарының қызметтеріне көмектесіп, қайырымдылық жұмыстарын бастап кеткен болатын.


Бүгінде, қоғамдық һәм мемлекеттік деңгейде қолға алынған Еріктілер жылында еріктілік қозғалысының маңыздылығын Абай университетінің студенттері көрсетіп отыр.


Студенттік ректораттың ұйымдастыруымен 23 қаңтарда Республикалық «Еріктілер лигасы» Қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова «Smart Student» жастар бастамаларын қолдау орталығында университеттің белсенді жастарымен кездесіп, тренинг өткізді.


Тренинг барысында көп жылдық тәжірибесі мол спикер еріктілікке апарар қадамдармен таныстырып, еріктілік құндылықтарын практикалық тұрғыдан талдап берді.


Еріктілердің университет деңгейіндегі алар орны, сапалы қызметі, нақты бағыты, тұтас командалық жұмысы, қалалық және республикалық деңгейдегі жалпы қоғаммен байланысы, тағы да сол сияқты ауқымды тақырыптар қамтылған танымдық кездесу шарасы жоғары деңгейде өрбіді. Айсұлу Әлімжанқызы Абай университетінің еріктілер қозғалысына толық қолдау білдіретіндігін, университетпен және республикалық Еріктілер лигасымен етене тығыз қарым-қатынаста болатындығын жеткізді.