қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.01.2016

«Қазақстандық университеттер QS рейтингілерінде: ережелер мен өсу бағыттары» және « Халықаралық білім аренада университетті алға жылжыту»


2016 жылдың 22 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде QS (Ұлыбритания) рейтингтік агенттігімен және "Study Innovations" атты білім беру холдингісімен бірлесіп, әлемдік білім беру аренасында қазақстандық жоғары оқу орындарын насихаттау бойынша «Қазақстандық университеттер QS рейтингілерінде: ережелер мен өсу бағыттары» және «Халықаралық білім аренада университетті алға жылжыту» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: халықаралық аренада қазақстандық білім беруді алға жылжыту, сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингілерде көрсеткіштерін жоғарлату бойынша пікір алмасу.
Семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры М.Ермағанбетов ашып, бүгінгі семинар қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі.
Семинар барысында Шығыс Еуропа мен Орта Азияның QS аймақтық директоры З.О Зайцева баяндама жасады. Баяндамада QS бойынша рейтингілерге, сонымен қатар жаңа әдіснамаларға шолу жасап, қазақстандық жоғары оқу орындары үшін өсу бағыттары мен ғаламдық білім беру кеңестігінде университетті алға жылжыту бойынша QS агенттігінің көрсетілімін ұсынды.
Сондай-ақ әлемдегі ең үздік университеттердің рейтингі (QS World University Rankings) - бұл білім беру және ғылымдағы жетістіктер көрсеткіштеріне жаһандық зерттеу жасау жөнінде пікір алмасты.
QS рейтингісі университеттердің мынадай жетістіктерін бағалайды: ғылыми-зерттеу қызметтің белсенділігі мен сапасы, жұмыс берушілердің пікірлері, сабақ берудің сапасы. Жыл сайын әлемдегі 2500 астам жоғары оқу орындары QS рейтингісі бойынша бағаланады. Нәтижесі бойынша әлемдегі 500 үздік университеттер анықталады.
Семинар қорытындысында жаhандық бiлiм беру кеңiстiгінде университеттiң жетекші орындардан көрінп ілгері жылжыту мақсатында көптеген ұсыныстар жасалды.

 

Семинарларға қатысушылардың пікірлері

Фарида Амангельдықызы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығының
қызметкері.
.