қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.01.2020

Университетте сейсмикалық жаттығу өткізілді


2020 жылдың 31 қаңтарында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жер сілкінісі кезіндегі университеттің басшылық, командалық құрамының, ПОҚ, студенттерінің, жұмысшыларының, қызметкерлерінің іс-әрекеттері» тақырыбында сейсможаттығу өтті.

 

Іс-шараға Филология және көптілді білім беру институтының студенттері мен оқытушылары қатысты. Қатысушыларға жер сілкінісі қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі жеткізілді. Студенттерді университет аудиторияларынан қауіпсіз жерге көшіру бойынша жаттығу өткізілді.

 

Аталған іс-шараны өткізуге институт директоры Балтабай Әбдіғазыұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов және профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.

 

Сонымен қатар сейсмикалық жаттығуға Медеу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.

 

   

 

   

 

   


 

Азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық бөлімі