Главная
Новости
04.02.2020 Студенттік өзін-өзі басқару ұйымына ең белсенді студенттер кірді
Жыл сайын қара шаңыраққа жан-жақтан балалар жиналуда. Бұл - жаңғыру мен жаңарудың нышаны. Себебі, әр тұлғаның өзіндік пікірі мен ойлау қабілеті бар. Еліміздің түкпір - түкпірінен жиналған дарындылар бір арнада тоғысса, таңғажайып дүниенің жарыққа шығатыны сөзсіз. Осы тұста институт белсенділерін іріктеп, оларға мүмкіндік берген жөн. Кез-келген студент өзінің белсенділігін таныта алады.
Ең алдымен, 1-курс студенттері патриоттық би арқылы сахна төрінде көк туымызды желбіретіп, мемлекеттік әнұран аталмыш шараның шымылдығын ашты. Филология және көптілді білім беру инcтитутының дамуына өзіндік үлкен үлестерін қосқан Ерсайын Молдасанов бастаған аға буын өкілдері басты қонақ ретінде шақырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - көпшілікке жаңа құрамды таныстыру болып табылады. 1 сағатқа созылған концерттік бағдарламада 1-ші курс студенттерінің өнері көрерменге жан-жақты ұсынылды. Ән де шырқалды, би де биленді, тіпті үлкен қала және жаңа ортадағы әсерлерімен бөлісу мақсатында сахналық қойылым да көрініс тапты.
Іс-шара соңында жаңа құрамға ресми түрде қабылдау рәсімі орын алды. Алдыңғы арба - аға буын өкілдері іздерінен еруші жас буынға студдиректорат куәлігін табыстады. Ізгі-тілек пен кеңес ретінде әнұран тарту етті.
Филология және көптілді білім беру инcтитуты |