қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.02.2020

«Кескіндеме» пәні бойынша ашық сабақтар өткізу

 

2020 жылдың 18 ақпанында Өнер, мәдениет және спорт институтының «Көркем білім беру» кафедрасының оқытушылары Әбілхан Тілеужанов, Нұрлан Килибаев және Базар Ырыстанұлының «Кескіндеме» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.


Ашық сабақққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен оқу бөлімінен комиссия мүшелері қатысты. Әбіділхан Тілеужанов «Полигафия» мамандығының 1 курс топ студенттеріне қарапайып заттан құралған натюрмортты сулы бояу (Акварель) техникасымен орындаудың кезеңдері бойынша картина жазуды көрсетіп, жаңа оқу бағдарламасы негізіндегі әдіс-тәсілді қолданды.


Нұрлан Килибаев «Кескіндеме» мамандығы 4 курс 43 топ студенттеріне ашық сабақ барысында «толық адам» бейнесін жазудың әдіс-тәсілдерімен студенттерді шығармашылық еркіндікке бейімдейтін шеберлігін көрсете білді.


Базар Ырыстанұлы «Сән дизайн» мамандығының 2 курс 28-1, 28-2,28-3 топ студенттеріне «Кескіндеме» пәні бойынша майлы бояумен түсі жағынан жақындастырылған, тұрмыстық заттардан құралған натюрмортты жазу кезеңдері бойынша ерекшеліктерін көрсете отырып, студенттердің шығармашылық қызушылдығын арттыра білді.


Ашық сабақ өткізген оқытушылар сабақ барысында көрнекілік құралдарды, жаңа технологияларды пайдалана отырып, ашық сабақты талапқа сай жоғарды деңгейде өткізді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы