қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.02.2020

Педагогикалық мамандық студенттері арасындағы жаратылыстану ғылымдары бойынша халықаралық олимпиада

 


2020 жылдың 28 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен Қапшағай «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында педагогикалық мамандықтар студенттері арасында жаратылыстану пәндері бойынша l Халықаралық олимпиадасы бастау алды.


Бұл іс-шараға Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен, сондай-ақ Қазақстандық жоғары оқу орындарынан студенттер келді.

Олимпиаданың ашылу салтанатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесовке, Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиевке және Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдиноваға құттықтау сөз берілді. Халықаралық олимпиаданың әділқазы мүшелігінде Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қалампыр Жұмағұлова, Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығының меңгерушісі Гүлнар Кулжанова, химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева, аға оқытушылары Андрей Абулгазиев, Динара Қасымбекова, Ақмарал Шоқанова, Махаббат Аманбаева және оқытушы Рустам Аманжолов болды.

Олимпиада 2 кезең бойынша өтті: I кезеңі- видеороликтер бойынша байқау кезеңі, ІІ кезең- ағылшын тілінде эссе жазу. Қазір олимпиаданың III кезеңі өтуде. Олимпиада қатысушыларына сәттілік тілей отырып, Жаратылыстану және география институтының намысын қорғаушы студенттерге жеңіс тілейміз!

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Жаратылыстану және география институты