қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
19.02.2016

Қайырымдылық акциясы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттерді әлеуметтік қолдау, олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау мәселесі басты назарда. Әсіресе мұнда жетім және жартылай жетім, мүгедек студенттердің, тұрмысы төмен отбасылары балалары университет басшылығы тарапынан ерекше қамқорлықта. Мұндай студенттер оқу ақыларына 30 пайыздан 50 пайызға дейін жеңілдіктер жасалған. Бірқатары ректор гранттарымен оқып жүр. Барлығы да жатақханамен қамтылған. 130 студентке оқу орнының асханаларынан түскі тамақ тегін беріледі. Сондай-ақ өте мұқтаж студенттерге жыл сайын бір мезгілдік материалдық көмек көрсету игі дәстүрге айналған.
Жуырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Серік Жайлауұлы Пірәлиев жетім және әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттермен кездесу өткізіп, олармен әңгімелесті. Кімнің қандай зәру мәселесі барын сұрады. Студенттер өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салды. Олардың сұрақтарына ректордан бастап, барлық проректорлар, институт (факультет) директорларына дейін жауап берді.
Бұдан кейін ректор С.Ж.Пірәлиев 83 аз қамтылған студентке қаржылай көмек көрсетті. «Мұндай қайырымдылық акциялары бұдан былай да жалғасын табады. Біз студенттерімізді ешқашан қиындықта қалдырмаймыз»,- деді С.Ж.Пірәлиев.


Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы