қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.03.2020

«Электрондық оқулық: білім берудегі жаңа технологиялар» семинары

 

2020 жылдың 27 ақпанында Ғылыми кітапханада «Электрондық оқулық: білім берудегі жаңа технологиялар» тақырыбында семинар өтті. Семинарда «Эпиграф» баспасының бас директоры және менеджері, мультимедиялық оқулықтар мен электронды мәліметтер базасының тұсаукесерін өткізіп, қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап берді.

​ ​ ​ ​

Семинардың мақсаты - студенттерді кітапхананың электронды ресурстарымен таныстыру, мәліметтер базасы мен мультимедиялық оқулықтарды, оқулықтардың электронды формаларымен жұмыс істеу ережелерін түсіндіріп, оларды оқу үдерісіне сынақтан өткізудің мүмкіндіктерін анықтап берді.

​ ​ ​ ​ ​

Семинарға Математика, физика және информатика институты «Информатика және білім беруді ақпараттандыру» кафедрасының оқытушылары, студенттер, магистранттар, кітапхана қызметкерлері қатысты.

 

   

 

Ғылыми кітапхана