Главная
Новости
02.03.2020 «Электрондық оқулық: білім берудегі жаңа технологиялар» семинары
2020 жылдың 27 ақпанында Ғылыми кітапханада «Электрондық оқулық: білім берудегі жаңа технологиялар» тақырыбында семинар өтті. Семинарда «Эпиграф» баспасының бас директоры және менеджері, мультимедиялық оқулықтар мен электронды мәліметтер базасының тұсаукесерін өткізіп, қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап берді. Семинардың мақсаты - студенттерді кітапхананың электронды ресурстарымен таныстыру, мәліметтер базасы мен мультимедиялық оқулықтарды, оқулықтардың электронды формаларымен жұмыс істеу ережелерін түсіндіріп, оларды оқу үдерісіне сынақтан өткізудің мүмкіндіктерін анықтап берді. Семинарға Математика, физика және информатика институты «Информатика және білім беруді ақпараттандыру» кафедрасының оқытушылары, студенттер, магистранттар, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Ғылыми кітапхана |