қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.03.2020

«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында кездесу өтті


2020 жылдың 4 наурызы күні «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының Әлеуметтік жобалар мониторингі департаменті директорының орынбасары Әділ Дулановпен кездесу өтті.


Кездесуді Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова ашып, университетте жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен еріктілер қызметі туралы ақпарат берді.


Әділ Дуланов «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы бойынша волонтерлік қызметке ынталы студенттердің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, жобаға еңгізілген жаңа нұқсаулар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы түсіндіріп берді.


Шараға университет жанында еріктілік қызметпен айналысып жатқан «Ізгілік елшісі» жобасы, «Мейірім», «Еріктілер лигасы», «Шуақ», «Зере», «Лидер» еріктілер клубының жетекшілері қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департамент