қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
06.03.2020

Коронавирустық инфекцияны таратпау және оның алдын алу бойынша жиын

 

2020 жылдың 6 наурызы күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да бірінші проректор Мақтағали Бектемесовтың төрағалығымен коронавирустың алдын алу бойынша университет проректорлары, құрылымдық бөлім басшылары және Сорбонна-Қазақстан институтының директоры және орынбасарларының қатысуымен шұғыл жиын өткізілді.


Жиын барысында Мақтағали Бектемесов коронавирус инфекциясының тасымалдануының және таралуының алдын алу бойынша университетте жүргізіліп жатқан шаралар кешені туралы айтып берді, сондай-ақ жуырда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелден келген білім алушыларға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.


Атап айтқанда, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне қазіргі күні академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша биылғы оқу жылының екінші жарты жылдығында шетелде оқып келген, сонымен қатар оқу кеткен студенттердің тізімін жасақтап, Денсаулық сақтау пунктіне тапсыруды жүктеді.


Сонымен қатар, Сорбонна-Қазақстан институты бойынша білім алушыларға қатысты өзекті мәселелерді талқыға салып, жуырда институтқа Франция елінен келген білім алушыларды қашықтықтан оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мүмкіндігін қарастыруды және барынша медициналық бақылауға алуды тапсырды.


Жиын соңында проректор барлық проректорлар мен құрылымдық бөлім басшыларына Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Қаулысы негізінде коронавирустың алдын алу және сақтану шараларын қатаң ұстануға шықырды.

 

1. Бұйрық
2. Қаулы
3. Кешенді жоспар
4. Нұсқаулық

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департаменті