қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.03.2020

«Абай және ұлттық сана» ректор кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті


2020 жылдың 29 ақпаны мен 1 наурызы аралығында универстетімізде Жастар ісі жөніндегі комитет және «Атамекен» пікір сайыс клубының ұйымдастыруымен «Абай және ұлттық сана» ректор кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті.


Турнирдің бірінші күні ресми ашылу салтанатымен басталды. Турнирға республикамыздың 6 аймағынан 22 жоғары оқу орыны және 5 колледжінен (барлығы 27 оқу орнынан) 200-ге жуық пікірсайысшы қатысты.


Шараны университет ректоры Такир Балықбаев ашып, Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай білім ордамызда атқарылып жатқан іргелі шараларға тоқталды.


Сөз кезегін алған университеттік «Атамекен» ИПК төрағасы Әсембек Думан турнирге келген командаларды және турнир ережелерімен таныстырып өтті.


Турнирдің іріктеу туры университетіміздің №1, №6, №5 оқу ғимараттарында жалғасын тауып, ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен қатысушылар университет ректорының арнайы грамоталары және қаржылай сыйақымен марапатталды.


Ақтық кезеңде пікірсайысшылар «Абайдың үшінші қара сөзі негізінде жалқаулықты жеңу жолын көрсетеді» тақырыбында ой толғап, сөз сайыстырды.


Үздік сайысқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері «Дениз» фракциясы ІІІ орынды жеңіп алып, 80 000 тенге қаржылай сыйақымен марапатталса, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстетінің студенеттері «Аю мен қонжық» фракциясы ІІ орынға иеленіп, 100 000 тенге қаржылай сыйақыны жеңіп алды. Сонымен қатар І орынды Нархоз университетінің студенттерінен құрылған «Линкольн мен сенатор» фракциясы ұтып алып, 150 000 тенге қаржылай сыйақымен марапатталды.


Сонымен қатар, турнир барысында төрешілік етіп, белсенділік танытқан пікірсайысшылар «Үздік талпыныс», «Ең үздік спикер», «Үздік пікірсайысшы», «Үздік төреші», «Үздік интеллект иесі», «Белсенді Атамекендік», «Үздік ГИД» сынды номинациялармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Жастар ісі жөніндегі комитет