қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.03.2020

 

Қымбатты ханымдар!

Құрметті Абай университетінің оқытушылары, қызметкерлері және студенттері!

 

Абай университетінің ерлер қауымы атынан баршаңызды көктемнің алғашқы және ең шуақты мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

 

Сіздер біздің өмірімізге махаббат пен сұлулық алып келесіздер, қоршаған әлемді мейірімділікке және кемелділікке бөлейсіздер, бізді сенімділікке, батыл іс-әрекеттер мен жемісті жұмыстарға шабыттандырасыздар. Жүректеріңіздің жылуы отбасылық құндылықты және үйдің жайлылығын сақтауға көмектеседі, ал белсенді өмір ұстанымдарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз университетке ғылым мен білім беруде жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік береді. Сіздердің белсенділіктеріңіздің, оптимизмдеріңіздің, кәсіпқойлықтарыңыздың және сезімталдықтарыңыздың арқасында оқу орнымыз тамаша нәтижелерге қол жеткізуде.

 

Осы керемет көктемгі мерекеде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың білім, ғылым және мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлестеріңіз үшін, ғылымдағы, қаржы және кадр қызметіндегі, қоғаммен байланыстағы, педагогикалық қызметтегі, оқудағы, шығармашылықтағы, спорттағы сіздердің жетістіктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Университет үшін, оның дамуы мен өркендеуі үшін жасаған барлық қызметтеріңіз үшін рахмет!

 

Абай университетінің әйелдер қауымына бақыт, махаббат, мықты денсаулық, отбасылық бақыт, оқуда және еңбекте табыс тілеймін!

 

Құрметпен,

ректор Такир Балықбаев