қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.03.2020

Музыкалық білім және хореография кафедрасының

 қашықтықтан оқыту технологиялары

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының аумағына адамдардың кіруін/шығуын шектеу туралы» шешімі мен (https:///primeminister.kz/kz/news/ob-ogranicheniyah-na-vezd-vyezd-v-iz-gorodov-nur-sultan-i-almaty-172613) Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың  бұйрығын (http://www.kaznpu.kz/kz/2458/notice/)  орындау мақсатында 2020 жылдың 20 наурызынан бастап Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім және хореография кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтықтан білім беру жүйесін табысты жүзеге асыруда.

 

«Музыкалық білім», «Хореография», «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламаларының шығармашылық ерекшелігін атай келе, музыкалық аспаптардың бар-жоғына байланысты объективті қиындықтар мен студенттердің тұрғылықты жері бойынша хореография және музыкамен айналысуға арналған мүмкіндіктері мен қиын жағдайларына қарамастан,  кафедраның профессор-оқытушылар құрамы заманауи сын-қатерлерге бейімделіп, ZOOM, Youtube, LearningApps, Kahoot және т. б. сияқты IT-білім берудің озық технологияларының механизмдерін қолдана отырып қашықтықтан білім беруді енгізуде.

 

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор Ерболат Мұстафаев «Қазақ күйлерінің тәрбиелік әлеуеттері» тақырыбындағы онлайн дәрісін YouTube арнасына орналастырса (https://youtu.be/Hpn4vom6df4), ZOOM бағдарламасында фортепиано, хорды  дирижерлау,  домбыра, музыка теориясы курстары бойынша виде-одәрістерді кафедра профессорлары Камарсулу Ибраева, Светлана Балагазова, Лаура Какимова, Ажар Айтуарова, аға оқытушы Самат Малимбай сәтті жүргізуде.

 

Facetime, Skype, WhatsApp  қосымшаларының мүмкіндіктерін вокал және жеке сабақтарда, хореограф-студенттердің шағын топтарындағы жұмыстарына Ляззат Бримгазина, Альпеш Кульсеитова, Перизат Умарбекова оңтайлы пайдаланып жатса, мәдени-бұқаралық индустрия тарихы және шешендік өнер дәрістерінде оқытушы Наурыз Кулданов LearningApps, Kahoot технологияларын табысты игеруде.

 

Студенттер мен магистранттар бекітілген кестеге сәйкес аралық бақылауға дайындықты үзбей, білім берудің заманауи технологияларын белсенді түрде  орсан зор қызығушылықпен меңгеріп, қашықтықтан оқытудан өтуде.

 

Сонымен қатар, 2020 жылдың 30 наурызында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Сулейман Демирель университетінің студенттерді бағалаудың заманауи формаларын қолдануы бойынша (онлайн форум, ашық сұхбат және т.б.) вебинарына қатысып https://sdu.webex.com/meet/almaz.zhumageldi) жаңа басқа да озық технологияларды жақын арада студенттерді қашықтықтан оқытуда енгізуді жоспарлап отыр.

 

      

 

      

 

      

 

 

Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы