Главная
Новости
01.04.2020 Қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқу үдерісін жүзеге асыру
Жоғары оқу орындарында жаратылыстану пәндерін on-line жүйесінде оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы жоғары білім беруді сапалы деңгейге көтеру үшін білім берудің мазмұндық және процессуалдық жақтарын ұйымдастыруда жаңа әдіснамалық тәсілдер қолданылуда.
Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылар құрамы on-line жүйесінде оқытудың әдістемелік нұсқауларына (https://drive.google.com/file/d/1tQZVVJZAqLONwQi53b5J-kby1KArUgB-/view - Қашықтықтан оқыту - Оқытушыларға) (https://drive.google.com/open?id=1p3M0FtBjaNQORtHX_rOdNxxUBX0buOmN - Қашықтықтан оқыту - Студенттерге) сүйене отырып, оn-line жүйесінде оқытудағы «оқытушы-білім алушы» жүйесінің өзара әрекеттесу үлгісін көрсетуде.
Мәселен, География, экология және туризм кафедрасының доценті Шолпан Карбаева 2020 жылдың 17 наурызынан бастап қашықтықтан оқыту үдерісін Skype, Zoom коммуникациялық бағдарламаларын пайдалана отырып, күнтізбелік кестеге сәйкес «Географиялық глобалистика», «Географиялық білім беруді жаңарту мен жобалау», «Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы», «Туризмдегі этика және этикет» оқу пәндері бойынша дәріс, семинар сабақтарын өткізуде.
Оn-line жүйесінде оқыту білім алушылардың үздіксіз білім алуына және өзіндік ізденістері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
«География экология және туризм» кафедрасы |