қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.04.2020

Студенттерді қашықтықтан оқыту технологиясын физика кафедрасының оқытушылары қолдануда


COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен қазақстандық студенттер қашықтықтан білім алуда. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы Математика, физика және информатика институты физика кафедрасы өз студенттерін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін әртүрлі технологиялар мен платформаларды қолдануға кірісті. Алғашқы күннен бастап кафедра профессорлары мен оқытушылары білім алушылармен байланыс орнатты. Оқу үдерісінде интерактивті, компьютерлік және коммуникациялық технологиялар және кейс-әдістер қолданылып отыр: олар онлайн-лекциялар, вебинарлар және ZOOM, Universe 2.0, Skype сияқты бейнеконференциялар ұйымдастыруға мүмкіндік берілді.

 

Бұдан әрі кафедраның тәжірибелі оқытушылары (Косов В. Н., Бисембаев К., Тлебаев К.Б., Баймолда Д., Хамраев Ш. И., Тезекеев С. М., Раманқұлов К. Е., Рыстыгулова В. Б., Насирова Д.М., Битибаева Ж. М., Спанова Г. А.) және жас мамандарының (Алиева М. Е., Султанова К. Ж., Калимов А., Жексенбаева Г.А., Мырзатай М., Диқамбай Т.) сабақтарынан үзінділерді ұсынамыз.

 

      

 

 


Физика кафедрасы