Главная
Новости
10.04.2020 Springer Nature баспасы тегін вебинарлардың сериясын өткізді
Тақырып 1: Жеке ғылыми зерттеулер үшін мақалаларды қалай таңдауға болады? Тақырып 2: Scopus және Web of Science индексациясы бар журналдарды қалай таңдау керек? Тақырып 3: Springer Nature Journal Sugester көмегімен мақаланы қалай таңдауға болады. Тақырып 4: Шетелдік рейтингтік журналға мақаланы қалай беру керек: жалпы талаптар мен ұсыныстар. Тақырып 5: Springer Nature баспасына монографияны қалай дайындау және беру.
Спикер: Ирина Александрова. Вебинардың басты мақсаты-оқытушылар мен PhD докторанттарға халықаралық басылымдарда жарияланатын ғылыми жұмыстардың санын арттыруға көмектесу.
Вебинарға Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен PhD докторанттары қатысты. Вебинардың қатысушылары халықаралық баспаларда ғылыми зерттеулерді жариялау туралы кеңес алды. Іс-шара мақала жазуға қатысты маңызды сұрақтарды қамтыды: негізгі түйін сөздер бойынша, журналдың атауы және зерттелетін жұмыстың тақырыбы бойынша ғылыми журналдардың көздерін таңдау.
«Химия» кафедрасы |