қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
10.04.2020

Бейнелеу өнерінен онлайн-семинар өтті

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Қазақ халқының дәстүрлі өнері негізінде болашақ суретші-педагог мамандардың көркемдік дүниетанымын дамыту» тақырыбында «Көркем білім беру» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов, доцент Шолпан Ақбаева, оқытушы Базар Ырыстанұлы онлайн-семинар өткізді.

 

Онлайн-семинарға ӨМжСИ-дің директоры Тоққожа Қожағұлов, директордың ғылыми және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Ақмарал Сманова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Кайшыбеков, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мухиддинов, «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Ерболат Кісімісов, т.б институт профессор-оқытушылар құрамы және 5B010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3-курс студенттері қатысты.

Онлайн іс-шарада тақырыпқа байланысты слайд пен көркемдік құралдар көрсетіліп, қатысушылар пікір алмасты. Жана технологияларды пайдаланып, студенттер дәстүрлі өнердің өркендеуі аясында пікір алмасты.

 

Авиоры: Эльвира Серікқызы

10.04.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz