қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.04.2020

Ректор «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын қолдады

 

Төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желілердің қолданушылары «Қандай кітап оқып жатырсыз?/Какую книгу ты читаешь?» деп аталатын эстафетаны іске қосты. Бұл челлендж-эстафетаны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, қазіргі уақытта оқып жатқан кітаптары мен газет, журналдардың тізімін жариялады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев та осы челлендж-эстафетаға қатысып, өзінің Facebook, Instagram және Vkontakte парақшаларында өзі оқыған кітаптары мен қарайтын фильмдердің тізімін ұсынды.

 

 

Такир Балықбаев ҚР Президентінің эстафетасын қабылдап, оны әріптестеріне - ЖОО ректорларына және Abai university ұжымына, әсіресе жастарға жолдады.

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім