қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.04.2020

«Абай және Пушкин - мәдениеттер үндестігі»
халықаралық онлайн дөңгелек үстел

 

2020 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуы туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы «Абай және Пушкин - мәдениеттер үндестігі» атты халықаралық онлайн дөңгелек үстелін өткізді.


Дөңгелек үстелдің қатысушылары мен қонақтарына Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы құттықтау сөзін сөйледі.


Дөңгелек үстелге Қазақстан мен алыс және жақын шетелдердің білім беру және ғылыми ұйымдары қатысты: Қазақстан Республикасы философия, саясаттану және дінтану институтының ғылым Комитеті, К.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, «Жаңа мектеп» білім орталығы (Алматы қ.), Хошимин педагогикалық университеті (Вьетнам), Баку мемлекеттік университеті (Әзірбайжан), Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулы, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті (Ресей).


Халықаралық дөңгелек үстелге ғалымдар мен оқытушылар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, дипломаттар, суретшілер, студенттер мен магистранттар, сонымен қатар Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей, Вьетнам, Нидерланды, Қытай елдерінің докторанттары Zoom платформасы алаңында (барлығы 73) кездесті.


Дөңгелек үстел қонақтары: дипломат, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әуезов Мұрат (Қазақстан), Ауэзовтанушы Зифа-Алуа (Нидерланды), саясаткер, дипломат Отунбаева Роза (Қырғызстан), ҚР Кинематографистер одағының мүшесі, продюсер Жаныбаева Қалдығұл (Қазақстан), Философия институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР Ғылым комитетінің саясаттану және дінтануы Сартаева Раушан Султанқызы(Қазахстан), «Жаңа мектеп»білім орталығының директоры Қарамендина Гүлнар Маутканқызы, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы консулы, Ресей ынтымақтастығы басшысының орынбасары Переверзева Ирина Владимировна (Ресей), МПМУ Филология институтының директоры Чернышева Елена Геннадьевна (Ресей), «Жоғары білім беру мектебі» институтының директоры Гончаров Михаил Анатольевич (Ресей), Ханой ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Чан Динь Лам (Вьетнам), Бакин мемлекеттік университетіндегі Абай орталығының директоры Дурсунова Фатима Аскеровна (Әзірбайжан).


Дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтар Абайдың философиялық-мәдени, этикалық және әдеби мұрасы туралы сөз қозғады: Абайдың қазақ халқының өмірінде және орыс ақыны А. С. Пушкиннің шығармаларын Ұлы Далада кеңінен насихаттаудағы рөлін, Абайдың басқа халықтардың тілдері мен мәдениетін үйрену арқылы прогрессивті дамуға үндеуінің қазіргі заманы кезеңі; Абай шығармаларының басқа тілдерге аударылуы, шетел университеттерінде Абай шығармашылығын көп қырлы зерттеу тәжірибесі және т. б. атап өтті.


Дөңгелек үстел барысында «Әлем таныған Абай» челленджі, шетелдік білім алушылар дайындаған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)