қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.02.2018

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар!


2018 жылдың 12 ақпан күні  сағат 15.00-де "Ай Пи Эр Медиа" Компаниясы - IPRbooks есей) электрондық-кітапханалық жүйесі университет үшін ақысыз, тегін «Білім беру ісіндегі заманауи ақпараттық технологиялар. Оқу үрдісіне электрондық басылымдарды пайдалану.» мастер-классын   өткізеді.

 

Мастер-кластың мақсаты:  қатысушыларды IPRbooks ЭКЖ-нің мүмкіндіктерімен таныстыру, ЭКЖ-ні білім беру үрдісінде пайдалану тәсілдері жөнінде ақпарат беру, жүйенің сервистерін және оларды жұмыста, білім беру жүйесінде қолданылу мүмкіндіктері (есептер жасау, оқу жоспарын, әдістемелік құралдар жасау және т.б.) туралы ақпарат беру.

 

Оқытушылар мен студенттер үшін ЭКЖ-мен жұмыс істеу аспектілері қарастырылады. Қосымша оқытушылар үшін басылымдарды РҒСИ-де индекстеумақалалар жинағын, еңбектер жарияланымдарынын электрондық түрде (дискілерде) «Ай Пи Эр Медиа»  компаниясының қатысуымен РҒСИ-ге орналастыруға байланысты сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлеріне арналған ақпараттар блогы ұсынылады.

 

Шара нәтижесі бойынша мастер-класқа қатысушыларға сертификат беріледі.


Іс-шараның өтетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі, 86, 2 қабат, Кітапхана Мастер- класты жүргізуші: «Ай Пи Эр Медиа»компаниясының даму жөніндегі директоры Кутуева Вита Викторовна

Қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың  2 - 10 ақпан аралығында жүргізіледі.
Тіркелусіз қатысуға болады. Бірақ таратылатын материалдар мен сертификаттатар тек тіркелген қатысушыларға ғана беріледі!

Мастер-класқа байланысты сұрақтарыңыз бойынша шараны үйлестіруші қызметкерге хабарласуыңызға болады.Шараны өткізуге жауапты: ғылыми кітапхана директоры Нүргүл Имансыдықова

Жұмыс телефоны: 8(727) 2 61 22 43; 8(727) 272 81 97 
e:mail: ndi_26@mail.ru