қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.04.2020

«Tariqha sayhat»​ тарихи клубының вебинары
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​

Ғылым - теңіз, білім - қайық.​ Бұл танымал мақал - ғылым мен білімнің тығыз байланысын көрсетеді. 2020 жылғы 25 сәуірде Тарих және құқық институтының «Тарихқа саяхат»​ тарихи клубының ұйымдастыруымен өткен «Тарих пәні ​ бүгінде еліміздің мектептері мен жоғары оқы орындарында қалай оқытылады және қалай беріледі» вебинарында тарих ғылымындағы қазіргі тенденциялар мен жаңа бағыттар, білім беруде жаңа пәндерді енгізу мәселелері қаралды. «Тарих» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарындағы үдеріс және республика мектептеріндегі тарихи білім беруді жаңартудың мәні туралы айтылды. 


Бұл кездесуде доцент Т.Далаева,​ оқытушы Белоус С.Г., «Тарихқа саяхат» тарихи клубының жетекшілері,​ академик М. Койгелдиевтің жетекшілігімен «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының басылымдарын ұсынды. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасын әдістемелік қамтамасыз ету орталығы басшысының орынбасары, Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің аспиранты - Константинов А.Е. ​ қашықтан оқытуға көшудегі аймақ мұғалімдерінің жұмысы туралы баяндады. «Тарих» мамандығының 1-курс студенті, университетіміздің бакалавриат бағдарламасының түлегі И.Садыбеков мектептегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстан және Дүниежүзі тарихы бойынша оқулықтардың жаңартылған мазмұнын талқылауға ұсынды. «Тарих» мамандығының 3 курс студенті Каримбаева У. оқу жылдарында жинақталған өзінің тәжірибесімен бөлісіп, цифрлық коммуникациялық кеңістіктегі этика мен этикетке назар аударды.


Вебинарға қатысушылар академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы​ Тлеубаев Ш.Б., «Тарих» мамандығының 3 курс студенттері Касанбек Ж., Құдайбергенов Д. өз пікірлерін білдіріп, ​ сұрақтар қойды. ​ ​ ​ ​


Вебинар соңы қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қызықты талқылаумен аяқталды.​

 

   

 

   

 

Тарих және құқық институты