қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.04.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ мәжілістері мен жұмыс кездесулері

Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ жетекшілік ететін дайындау бағыттары бойынша жоспарланған отырыстар мен жұмыс кездесулерінің кестесіне сәйкес қашықтан оқыту технологиясын іске асыру шеңберіндегі өзекті мәселелер бойынша ағымдағы жылдың 27 сәуіріне дейін онлайн режимде төмендегі мәжілістер өткізілді:

 

- 2020 жылдың 14 сәуірінде 6В015, 7M015, 8D015 - Жаратылыстану пәндерінің мұғалімдер/педагогтар даярлау бағыты (математика, физика, информатика секциясы)​ бойынша ЖБТ командасы ҚР ЖОО, Мәскеу МПУ, Краснояр МПУ қатысуымен «STEM білім беру курстарын қашықтан оқыту әдістері» тақырыбында;

 

- 2020 жылдың 15 сәуірінде 6В014, 7М014, 8D014 - Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдер/педагогтар даярлау (ҚЭН) және 6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер/педагогтар даярлау бағыттары бойынша ЖБТ командасы Х. Досмұхамедов атындағы АМУ, Алматы қаласы № 178 лицейдің қатысуымен «Білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үшін қашықтан оқыту жағдайында оқу-әдістемелік құжаттарды пайдалану» тақырыбында;​​

 

- 2020 жылдың 16 сәуірінде 6В015, 7M015, 8D015 - Жаратылыстану пәндерінің​ мұғалімдер/педагогтар даярлау бағыты (химия, биология, география секциясы)​ бойынша ЖБТ командасы ҚР ЖОО қатысуымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында;​

 

- 2020 жылдың 18 сәуірінде 6В014, 7М014, 8D014 - Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдер/педагогтар даярлау бағыты бойынша ЖБТ командасы «Музыкалық білім» республикалық білім беру бағдарламасының өзекті мәселелері» тақырыбында;​

 

- 2020 жылдың 20 сәуірінде 6B019, 7M019, 8D019 - Арнайы педагогика бағыты бойынша ЖБТ командасының мәжілісі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өкілдерінің қатысуымен өтіп, арнайы педагогтарды ЖОО-да​ даярлауда қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды.​

 

- 2020 жылдың 21 сәуірінде «6В015, 7M015, 8D015 - Жаратылыстану» пәндерінің​ мұғалімдер/педагогтар даярлау бағыты (математика, физика, информатика секциясы)​ бойынша ЖБТ командасы Алматы қаласының орта мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Қашықтан оқытуда www.bilimland.kz​ электронды оқыту платформасын пайдалану (орта білім беру жүйесі негізінде)» тақырыбында;​

 

- 2020 жылдың 21 сәуірінде «6В014, 7М014, 8D014 - Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдер/педагогтар даярлау (көркем білім беру, графика және жобалау секциясы) бағыты​ ​ бойынша ЖБТ командасы Алматы қаласының орта мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Жоғары мектепті модернизациялау жағдайында көркем-педагогикалық білім беруді жетілдіру» тақырыбында;​

 

- 2020 жылдың 23 сәуірінде 6В015, 7M015, 8D015 - Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер/педагогтар даярлау бағыты (химия, биология, география секциясы)​ бойынша ЖБТ командасы «Қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту шеңберінде ғылыми жаратылыстану пәндерінің зертханалық сабақтарын өткізу» тақырыбында;​

 

- 2020 жылдың 27 сәуірінде 6B011, 7M011, 8D011- Педагогика және психология бағыты бойынша ЖБТ командасы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ОҚМПУ, ТарМПУ, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ өкілдерінің қатысуымен «Қазіргі уақыт талабына сәйкес психологиялық-педагогикалық білім беру» тақырыбында мәжілістер өткізілді.

 

ЖБТ командаларының отырыстарына дайындалу барысында қатысушыларға бағдарламалар, баспасөз хабарламалары әзірленіп, таратылды, сонымен қатар ​ ҚР БҒМ РОӘК чатына да жіберілді.

 

Педагогикалық кадрларды даярлаудың 5 бағыты бойынша ЖБТ командаларының 9 отырысын өткізу қорытындысы бойынша оқытуда қашықтық​ технологияларын қолдану сапасын жетілдіру үшін ұсыныстар әзірленді.

 

   

 

   

 

РОӘК ОӘБ