Главная
Новости
29.04.2020 Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры: барлық мәселелер шешілуде
2020 жылдың 28 сәуірінде Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының, облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшыларымен, ректорларымен аппараттық кеңес өтті.
Жиынға қатысушылар жоғары оқу орындарының әлеуметтік және жастар саясатын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Абай атындағы ҚазҰПУ -да осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ректор Такир Балықбаев баяндама жасады. Ол өзі басқаратын университеттегі тәрбие үрдісі ұлттық тәрбиеге негізделген оқу үдерісінің ажырамыс бөлігі болып табылатынын атап өтті. Еліміздің жетекші педагогикалық университетінің басшысы Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізілетін тәрбие жұмысының сегіз бағыты туралы айтты: 1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы;
Ректор әрбір бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық және республикалық, қалалық және университеттік деңгейдегі 35 іс-шара өткізіліп, «Туған Жер», «Қазақстанның киелі желерінің географиясы»; «Қазақстанның қазіргі мәдениеті жаһанданған әлемде»; «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық», «Ұлы дала тұлғалары» жобалары жүзеге асырылды. «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша университеттің кітапхана қоры әлемдегі қазақ тіліне аударылған ең үздік 49 оқулықпен толықтырылып, олар оқу үрдісінде белсенді қолданылуда.
Жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, оның азаматтық және әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында «Ұлттық тәрбие» пәні енгізіліп (2011), элективті пән ретінде барлық мамандықтар бойынша 1 курс студенттеріне 2 кредит негізінде жүргізіліп келеді. Хәкім Абайдың тағылымдық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында барлық 1 курс студенттеріне 1 кредит негізінде «Абайтану» пәні оқытылуда. «Абайтану» пәні сабақ ретінде қазақ, орыс топтарында жүргізіледі.
Биыл университетімізде «Абай жылы» болып жариялып, жастар тәрбиесі бағытында шараларға арқау болды. Абайдың Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында жастар арасында Хәкімнің әдеби мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, жоспарға 62 іргелі шара енгізілді. Университет жанында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы жастарға ұлттық бірегейлік пен ұлтаралық тұтастық қағидаларын дәріптеу, жалпыұлттық бірлікті сақтау және одан әрі нығайту бағытында тынымсыз жұмыс жасап келеді.
Жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында Жастар жылы аясында «Smart Students» коворкинг орталығы, «Оразалы Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығы, «ЖасStar» музыкалық студиясы ашылды. Оқу жылына арналған жоспарға сәйкес 46 ірі және маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта университет қабырғасында алты еріктілер қозғалысы және «Студенттік әлеуметтік кредит» жобасы жұмыс істейді. «Студенттік әлеуметтік кредит» жобасы (2019) жастардың азаматтық белсенділігін арттырады және бүгінгі күні клубқа тартылған еріктілердің саны 395 білім алушыны құрайды.
Еріктілер қозғалысының ішінде «Акселератор добра»/«Ізгілік елшісі» жобасы - бұл азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға және жастарды волонтерлікке тартуға көмектесетін Сорбонна - Қазақстан институты жанынан 2019 жылдың 7 қазанында іске қосылған ең іргелі жоба. Жобаның басты үйлестірушісі институт директоры Айнур Сабитова. Қазіргі уақытта аталмыш жоба республикалық мәртебеге ие болып, елдің 17 облысында белсенді жұмыс істеуде. Жоба қатарындағы еріктілер заңнамалық көмекке мұқтаждарға кеңестер беріп, қайырымдылық шараларға белсене қатысуда.
Университетімізде Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі жолға қойылған. Жастарға таңдау еркіндігін беру, ашық қоғам құру, өзін-өзі басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитет, Студенттік ректорат, студенттік өзін-өзі басқару кеңесі және басқа да жастар ұйымдары құрылды.
23 сәуірде ректордың университет активімен онлайн-кездесуі өткізіліп, алдағы сессияны өткізу туралы, жатақханада тұратын шетелдік студенттер туралы, студенттер арасындағы жұмыс (челлендж және т.б.), басшылықпен байланыс туралы мәселелер талқыланды.
Білім беру сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ректордың басшылығыммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес құрылды. Кеңес ережесі, жол картасы, стандарт бекітілді. Қазіргі уақытта Кеңестің үш комиссиясы жұмыс істейді. «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылды, «Парасат» жобалық орталығы ашылды, ISO 37001-2016 халықаралық стандартының Сапа менеджменті жүйесі, «Антиплагиат» жүйесі енгізілді. Қысқы сессия барысында «Сыбайлас жемқорлықсыз сессия» акциясы аясында сауалнама жүргізілді.
Қашықтан оқыту жүйесінде Академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін емтихандар келесі форматта өткізіледі:
1. Онлайн-тест «Univer» жүйесінде жүргізіледі және тест тапсыру кезінде Академиялық адалдықты бақылау үшін прокторинг жүйесі пайдаланады; 2. Шығармашылық пәндер бойынша емтихандар бейнеконференция форматында өткізіледі және прокторинг қолданылады.
Университеттегі студенттерді әлеуметтік қолдау аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың арасындағы студенттердің оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылды. Қабылдау комиссиясының жеңілдік беру Ережелері негізінде осы оқу жылында 879 бірінші курс студенттеріне түрлі категориялар бойынша жеңілдіктер берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмекке мұқтаж 766 студент, аз қамтылған отбасылар, қоғамдық өмірде белсенді студенттер оқуға жеңілдіктер алды.
Оқу ақысын төлеу мерзімі мамыр айының соңына дейін ұзартылды және студенттер оқу ақысын төлемей емтиханды кедергісіз тапсырады. Оқу ақысын кейінге қалдыруға қатысты, білім алушылардың өтініші мен олардың жағдайына байланысты бекітілген кестеге сәйкес төлем жасау мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Студенттермен кері байланыс «Open space» форматында; білім алушылармен кездесу, ректордың блогы және поштасы, әлеуметтік желілердегі университет пен ректордың жеке парақшалары бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, 2019 жылдың маусым айынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-да Call-орталығы жұмыс істейді. Студенттер мен олардың ата-аналарына көмек көрсету мақсатында орталық тәулік бойы жұмыс істейді, оның қызметкерлері кез келген уақытта барлық сұрақтарға, соның ішінде оқу ақысын төлеу және т. б. сұрақтар бойынша жауап беруге дайын.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |